Жаһан

Бір дөңгелекті велосипед жасалды

Бір дөңгелекті велосипед жасалды

Адамдар велосипед жасап шығаруды ешқашан қоймайтын шығар. Осы қанатты сөздің жаны бар. Шотландтық Инвернесс қаласынан физик-ғалым Мануэль Альварес-Икаса жұртшылыққа өзінің жаңа өнертабысын - рулі мен педалі жоқ бір дөңгелекті велосипедін ұсынды, деп хабарлады Day.Az Mignewsсайтына сілтеме жасап. Өнертапқыш өзінің бұл жасалымы бүкіл әлемде болашақтың көлігі ретінде мойындалатынына сенімді. Оның айтуынша, "Velofeet" велосипедін тебуді серуенге шыққан алғашқы күні-ақ үйреніп алуға болады. Ол үшін отырғышқа отырып, асфальттан аяғымен демеп жіберсе болды. "Velofeet" әлеқайда ыңғайлы. Ол өте қарапайым және оны басқаруды тез үйренуге болатыны - басты артықшылығы болмақ. Кәдімгі велосипедтің проблемасы көп. Оны тастап кетсең, біреулер мініп кетуі мүмкін. Ал мұны көтеріп алып кетуге болады, - дейді Мануэль Альварес-Икаса.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz