Экономика

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,97 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 66,39 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айында жеткізілетін фьючерстері 1,09 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 62,77 доллар болды.

дерект көзі: kazinform.kz