Экономика

Мұнай бағасы құбылып тұр

Мұнай бағасы құбылып тұр

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы құбылып тұр. Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,17 долларға көтеріліп, бір баррель мұнайдың бағасы 65,42 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айында жеткізілетін фьючерстері 0,11 долларға арзандап, бір баррельдің бағасы 61,68 доллар болды. Дереккөз: kazinform.kz