Спорт және туризм

Рамазан қарсаңындағы велошеру

The final spritzer

Рамазан қарсаңындағы велошеру

Қазан қаласында қасиетті Рамазан айы қарсаңында Татар мұсылмандарының діни басқармасының Жастар бөлімі «Иман иорты» клубымен бірлесе отырып, велошеру ұйымдастырмақ, деп жазады muslim.kz. Маусым айының 25-жұлдызына жоспарланған велошеру «Ярдэм» мешітінен басталып, Қазан қаласындағы құлшылық ордаларын басып өтіп,  «Аль-Марджани» мешітінің аумағында аяқталмақ. Айта кетерлігі, алғаш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш акцияға велосипедшілермен қатар, көлік жүргізушілері де қатысуға болады.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz