Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының келесі кезеңіне өтті
Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының келесі кезеңіне өтті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Пхенчхандағы Олимпиада-2018 ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, үздік 24 спортшының қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алды. Тұрсынбаева 57,95 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұр. Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова небәрі 44.40 ұпай жинап, үздіктер қатарына ене алмады. Айта кетейік, 18 жастағы екі қазақстандық спортшы қыз да Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсетіп жатыр. Еске салайық, 2017 жылы сәуірде Тұрсынбаева әлем чемпионатында тоғызыншы орынды иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарына екі жолдама жеңіп алды. Дереккөз: tengrinews.kz