Футболдан ӘЧ басталғалы Бразилия билігі 79 шетелдікті елге кіргізбеді
Футболдан ӘЧ басталғалы Бразилия билігі 79 шетелдікті елге кіргізбеді
Бразилия билігі футболдан әлем чемпионаты басталған сәттен бастап 79 шетелдік жанкүйерді елге өткізбеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды. Олардың деректері бойынша, жанкүйерлік тәртіпсіздік немесе ауыр қылмыс жасап, Интерполдың қара тізіміне іліккен азаматтарға елге кіруге тыйым салынды. Бразилияға кіре алмағандардың ішінде АҚШ-тан 24 адам, Нигериядан - 18, Аргентинадан - 15 адам бар. Бұдан басқа, бразилиялық билік өздерінің құрамасы мен Испания құрамасының қатысуымен топтық кезеңде билетсіз ойынға баса-көктеп кіруге тырысқан 85 чилилік азаматты елден шығарып жіберді. 16 маусымда бразилиялық полиция Рио-де-Жанейро әуежайында мексикалық есірткі тасымалдаушыны құрықтады. Ол осы елдің құрамасымен матчқа ұшып келген. Мексикалық Фортелеза бағытындағы ұшақты күтіп тұрған жерінен ұсталды. Күдіктіде Бразилия-Мексика матчына билеті болған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz