Денсаулық

Су сағаты

Су сағаты

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірегей жәдігері – су сағаты. 1965 жылы Шу өзенінің сол жағалауының жылғасынан кездейсоқ табылған. Қыш ыдыстың бір бөлігі конус пішінді аяқталған, екінші бөлігінде ойық бар, көлденең жатқызылады, екі аяқ бекітілген, бір аяғы жоғалған. Ал қарама-қарсы бетінде көлденең тұтқасы бар. Су сағаты көзешілер ортасында жасалынған, қоспасыз, бірқалыпты күйдірілген. Бұл арнайы қыш ыдыс суаратын судың үлесін анықтау үшін қолданылған. Яғни егістікті қанша уақытта суаратыны, қаншалықты судың мөлшері керектігін білу үшін пайдаланылған. Жәдігер – Орталық Азия және Қазақстан территориясынан табылған алғашқы олжа. VI-VIII ғасырларға жатады. Жасы 1300 жылдан асады.