Талас
Талас
Республикалық комиссияның шешімімен еліміз бойынша 201 үміткер «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Олардың арасында жерлесіміз Абай Отар да бар. Енді ол Ұлыбританияның Лондон қаласында өзі таңдаған журналистика саласы бойынша білімін жетілдіретін болады. Абай – Талас ауданы, Аққұм ауылындағы Б. Тоқтықожаұлы атындағы орта мектептің түлегі. Тараз қаласындағы қазақ-түрік экономикалық колледжін, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтын бітірген. Республикалық «Нұр Астана» жастар газетінің тілшісі, қазір «Айналайын» жастар порталының журналист-редакторы қызметін атқарады.