Мәдениет

«Қаратау сарыны» ғасырлар қойнауынан сыр шертеді

«Қаратау сарыны» ғасырлар қойнауынан сыр шертеді

Фестиваль «Баласағұн» орталық концерт залында алдағы 23 маусым күні сағат 18. 00-де салтанатты жағдайда ашылып, сол күнгі «Дәстүрлі күй мерекесінде» еліміздің, сондай-ақ, шет мемлекеттердің дәстүрлі өнершілері ән, күйден шашу шашпақ. Көрермендер ертесіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Сәуле Жанпейісованың «Сәуле – сарын» атты антологиялық 4 CD жинағының тұсаукесері, «Дәстүрлі ән мерекесі» секілді іс-шараларды тамашалай алады. Фестиваль аясындағы айрықша маңызды мерекелік шара – елімізге танымал өнер жұлдыздарының көпшілікпен бірге бір мезгілде қазақтың 10 әнін орындау салтанаты орталық «Достық» алаңында 24 маусым күні, сағат 21.00-де өтеді. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін қасиетті Тараз қаласының өнерсүйер тұрғындары мен қонақтары, бұл мерекелік шарадан шет қалмаңыз. Сіздерді екінші рет өткізгелі отырған қазақтың халық әндерін асқақтататын мерекелік думан – «Қаратау сарыны» шақырады.

«Ақ жол – Ақпарат».