Жеке құрам жыл құжатын талқылады
Жеке құрам жыл құжатын талқылады
Мемлекет басшысының Жолдауын Тараз қаласы ішкі істер басқармасының жеке құрамы да талқылап, ой-пікір бөлісті. Жиынға қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы облыстық филиалының маманы Меруерт Нұрлыбаева да қатысты. Басқосу барысында Жолдаудың 8, 9-басымдықтарына, яғни құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдына қойылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары Ерболат Әмірбеков пен Қайрат Ақмырзаев шолу жасады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңының талаптарын да жеке құрамға қосымша жеткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды.
Замира Андас, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті