Әлеумет

Тоғыз ауылға таза су жеткізіледі

Тоғыз ауылға таза су жеткізіледі

Т. Рысқұлов Ауданының аумағында 42 елді мекен бар. Оның 15-іне мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ауызсу жүйесі жүргізілуде.

«Ауызсу» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары бойынша соңғы 12 жылда Тереңөзек, Құлан, Көгершін, Өрнек, Шолаққайыңды, Қарақыстақ, Қарақат, Абай, Көкарық, Жақсылық, Юбилейное, Қорағаты, Көкарық және Қызылшаруа ауылдарының тұрғындары таза су тұтынуда. Өткен жылы мердігер «Аль Аркаржан и К» ЖШС Қайыңды ауылында су құбыры желісін тартып, пайдалануға берді. Осындай жұмыс былтыр Луговой ауылында басталған. Нысан келесі жылы іске қосылады. Қазір Тасшолақ, Бәйтелі, Әбжапар, Ақыртөбе, Жарлысу, Құмарық және Алғабас ауылдарына сапалы ауызсу жеткізу жобасының жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. Олар дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаражат бөлу туралы өтінім беріледі. Р.Сәбденов ауылында жүргізілетін су-құбыр желісі құрылысының жобалық-сметалық құжатын дайындау үшін бюджеттен тиісінше қаражат бөлінген. Қазір мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу бойынша дайындық жұмыстары басталды.

Қабілет Әбдірахманов, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі

Т.Рысқұлов ауданы