Әлеумет

«Тегін такси» жұртқа көмектесіп жүр

«Тегін такси» жұртқа көмектесіп жүр

Бүгінде әбден кәріне мінген қыс елдің апшысы қуырып, өңірді алапат аязымен буып-ақ тұр. Апта бойы кейбір ауылдарда балалар мектепке бармай қалды. Осындай қиын кезде қала орталығында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор маманы Бауыржан Балғабайдың бастамасымен және жаңатастық жастардың қолдауымен «Тегін такси» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Акция аясында Жаңатас қаласындағы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарын тұрғылықты мекен-жайларына жеткізу ісін қолға алған жастар жұртшылықтың разылығына да бөленді. Аталған шараға 7 жеңіл автокөлік жұмылдырылды. Сондай-ақ акция барысында 60-қа жуық ата-аналар балаларымен және 30-ға жуық балабақша қызметкерлері үйлеріне тегін жеткізілді. Жаңатастық жастардың үлгілі ісі өзгелерге де жұғысты болғай! Дариха Үмбетиярова, журналист

Сарысу ауданы