Халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті
Халқымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті
Адами капиталдың бір көрсеткіші – денсаулық. Елімізде өмір сүру ұзақтығы 4,5 жылға артып, орташа өмір сүру жасы 72,5 жасқа жеткені белгілі. Бұл мемлекет тарапынан жүйелі түрде жасалған қамқорлықтың көрінісі.
Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Жолдау көтерген жүктің әлеуметтік салмағын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу жөніндегі тапсырмадан да аңғаруға болады. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Бұл ретте аудандық ауруханадағы жастар денсаулық орталығы мамандары мен ұстаздардың бірлесе атқаратын жұмыстары орасан. Себебі жастар - ертеңгі болашағымыз. «Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп стационарлық және диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет», — деді Елбасы өз Жолдауында. Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан да бар, оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек.Оның бірден бір жолы – әр азамат өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтіп, ауырмаудың жолын іздеу, саламатты өмір салты ұстанымдарын сақтау арқылы созылмалы ауруларын уақтылы дер кезінде сауықтыру. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Денсаулық сақтау министрінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір ауруға шалдыққан жай-күйі бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаторлық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы бұйрығы күшіне енді. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының мәліметінше, жаңа бұйрыққа сәйкес тұрғындар 48 ауру тобына арналған 274 дәрілік атаулармен, 8 медициналық бұйым түрімен қамтамасыз етіледі. 2018 жылға арналған тегін дәрілік заттардың тізімі тиімділігі дәлелденген жаңа препараттармен толықтырылған. Елбасы онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құруды тапсырды. Осы мақсатта қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтау , тұрғындарды скринингті тексерулерден сапалы өткізу жауапкершілігі – барлық азаматтардың , медицина қызметкерлерінің міндеті. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетінін атап өтті. Жолдауда атап өтілгендей, халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады. Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрландыру және IT сервистерді дамыту ерекше маңызға ие. Осы міндеттер шеңберінде ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек. Осы жұмыстар аясында ауруханаға 2017 жылы 32 компютер алынып, ол үшін 3 миллион 546 мың теңге жұмсалды. Нәтижесінде 142 жұмыс орны, барлық дәрігерлік амбулаториялар компьютерлендірілді. «Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз. Жолдау еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналып отыр», – деді Елбасы. Елбасының жаңа Жолдауы уақыт талабына сай жасалған еліміздің даму жоспары, барлық медицина қызметкерлері де онда көрсетілген міндеттерді орындауға бар күш- жігерін салады деген сенімдемін. Шындос Мырзалиев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
Т. Рысқұлов ауданы