- Advertisement -

Плей-офф жолдамасы

76

- Advertisement -

Плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы команда – Колумбия құрамасы. Ивуарлықтарды 2:1 есебімен жеңген колумбиялықтар қазірдің өзінде топтық кезеңде көш бастап отыр. С тобындағы келесі кездесудің нәтижесі бұл көрсеткішті еш өзгерте алмайды.
Ал, А тобындағы талас топтық кезеңнің соңғы ойынына дейін жалғасатын сыңайлы. Осы топтағы Бразилия, Мексика, Хорватия құрамалары арасында ұпай үшін тартыс әлі аяқталған жоқ. В тобында плей-офқа алты ұпайдан жинаған Нидерланды мен Чили футболшылары өтетіні анық.
Жалпы, 19-20 маусым күндері өткен кездесулерде уругвайлықтар ағылшындарды 2:1 есебімен жеңсе, Хорватия құрамасы камерундықтарға жауапсыз төрт гол соқты. Жапондар мен гректер арасында өткен матчта есеп ашылған жоқ.

Ардақ Үсейінова,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support