Саясат

Еңбек өнімділігін арттыруды көздейді

Еңбек өнімділігін арттыруды көздейді

Серғали АЙДАПКЕЛОВ, облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

Күні кеше жариялан-ған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елімізді Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамуға бағыттайтын Жолдауында Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс екендігі атап көрсетілді. Бұл – ұтымды ақпараттық-технологиялық шешімдерді агроөнеркәсіп кешеніне, транспорт пен логистиканың құрылымдарына, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарына енгізе отырып, экономиканың өндіруші секторларында еңбек өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы. Ал ол өз кезегінде елімізде адам капиталының жаңа сапасына сұранысты арттыратыны анық. Сондықтан Жолдауда кәсіби стандарттардың талаптарын ескере отырып, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беруді» жүзеге асыру көзделген. Бұл – адамдарды нәтижелі жұмысқа тарта отырып, жеке кәсібін бастауына және жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін бірден-бір шешім. Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған Жолдаудың жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсету баршамыздың азаматтық борышымыз деп білемін.