Саясат

Елбасы оңтүстіккореялық компанияларды «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды

Елбасы оңтүстіккореялық компанияларды «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды

Бүгін Ақордада Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстіккореялық компанияларды «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентімен келіссөздер барысында кореялық бизнестің ҮИИД мемлекеттік бағдарламасына қатысуы мәселесі талқыланып, тараптар «технологияларды ресурстарға айырбастау» формуласы бойынша ынтымақтасуға мүдделілікті нақтылағанын атап өтті.

«Біз «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді түрде қатысу өтінішін жасадық және осы бағытта алдыңғы қатарлы компаниялар жаңа зерттеу орталықтарын құру үшін жағдай жасауға көмектесер еді»,-деді Н. Назарбаев.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz