Саясат

Корея Президентінің алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің жаңа дәуірін ашады - Н.Назарбаев

Корея Президентінің алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің жаңа дәуірін ашады - Н.Назарбаев

Корея Президентінің алғашқы мемлекеттік сапары қазақстандық-корейлік стратегиялық серіктестіктің жаңа тарихи дәуірін ашады.

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Мен сіздерді Қазақстан жерінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Корея Респубикасы Президентінің алғашқы мемлекеттік сапары қазақстандық-корейлік стратегиялық серіктестіктің жаңа тарихи дәуірін ашады. Бұл - біздің осымен екінші кездесуіміз әрі маңызды жүздесу», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде Корея Республикасының Қазақстанға тақау орналасқанын және экономикада да, саясатта да стратегиялық серіктес екенін баса айтты.

«Біз сіздің еліңізде жасалып жатқан барлық жайтқа зор құрметпен әрі зейінмен қараймыз. Сондықтан да осы орайды пайдалана отырып, тағы бір мәрте Қазақстан атынан Севол кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтамын», - деді Мемлекет басшысы.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz