Қазақстан мен Корея арасында визалық талаптарды жою туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан мен Корея арасында визалық талаптарды жою туралы келісімге қол қойылды
Бүгін Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Ақордада екі ел үкіметтері арасында өзара визалық талаптарды жою туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан тарапынан келісімге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал Корея Республикасы жағынан СІМ басшысы Юн Бён Се бекітті. Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков Қазақстан азаматтарына Кореяға визасыз сапарлауға мүмкіндік болатынын айтқан еді. Оның атап өтуінше, бұл келісім жалпыазаматтық төлқұжаты бар Қазақстан мен Корея азаматтарына бір айға дейін бір-біріне визасыз сапарлауға мүмкіндік береді. «Бұл туризмді, медицинаны, ғылыми технологияларды, студенттер алмасу және басқа да жайттарды дамытумен байланысты», - деді А.Волков.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz