Әдебиет

Ұзағынан сүйіндірші, Құдайым!

Ұзағынан сүйіндірші, Құдайым!

Еркіндікті аңсап ұшқан қыран ем, Тәңірден де соны қалап сұрап ем. Тәуелсіз ел атанғалы мына мен, Таңырқаумен келе жатыр бұл әлем. Ие болдым, кем-кетігім толысса, Бабаларым тастап кеткен қонысқа. Бірінші боп қолдап бейбітшілікті, Алғаш біздер қарсы болдық соғысқа. Шүкір деймін, берді Құдай тоқтықты, Ұлттар бар ғой Отаны да жоқ тіпті. Сырт елдерде көтерілсе қалың ту, Оның бірі қазақтікі боп шықты. Бұдан да әрі жақсы болсын күн-айым, Күлкіміз де күміс болсын лайым. Қазағымның тәуелсіздік бақытын, Ұзағынан сүйіндірші, Құдайым!

Шапағат ӘБДІР, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.