Құқық

...КЕЙІН ЖӘНЕ ...ДЕЙІН

...КЕЙІН ЖӘНЕ ...ДЕЙІН

Елімізде спирттік ішімдіктерді кешкі сағат 21:00-ден кейін және күндізгі сағат 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күшті алкогольдік сусындарға қатысты Заңға қол қойды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Заңмен мейрамхана, дәмхана және барларды қоспағанда спирттік ішімдіктерді сату уақыты мен орындарын шектеу мақсатында кешкі 21 сағаттан күндізгі 12 сағатқа дейін жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, күштілігі жоғары спирт ішімдіктерін сатуға тыйым салынады.

«Ақ жол-Ақпарат».