Әлеумет

Зайырлы елдің қайырлы қадамы

Зайырлы елдің қайырлы қадамы

Танымы толысқан мемлекет тыныштықтың күзетшісіне айналады

Тәу етер Тәуелсіздік орнағаннан кейін Мемлекет басшысы елдің экономикалық дамуынан өзге азаматтардың барлық салаға баса көңіл бөлуіне ден қойып, Қазақстанның сан салада қарышты дамуына назар аударды. Еліміз конфессионалдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатта әлемдік тәжірибеде ең тиімді болған, көп ұлтты елімізге оңтайлы зайырлылық ұстанымын таңдап алды. 1995 жылы қабылданған Конституциямыздың 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеумет­тік мемлекет ретінде орнықтырады» деп нақты көрсетіліп, мемлекеттің дін саласындағы ұстанымдары зайырлылық қағидаттары шеңберінде реттеліп, индивидтердің діни-сенім бостандығы қамтамасыз етілетіндігі әйгілі болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен тағаттылықты нығайтуға бағытталған. Бізде діни сенім бостандығына Конституция кепілдік береді», – деп ұстанған бағытымызды айқындай түсті. Бүгін біз еліміздегі дін саласындағы қарым-қатынастарды айшықтап, бағдар ретінде ұстанған зайырлылық, зайырлы мемлекет ұғымдарына қысқаша тоқталып өтейік. «Зайырлы» сөзінің түбірі араб тіліндегі «сыртқы» деген мәндегі «захир» сөзінен келіп шығады. Ал батыс әдебиеттерінде зайырлылықты «лаицизм» сөзі арқылы, яғни «діни емес адам», «діни адамнан өзге халық» деген мағына беретін латын тілінен шыққан «laicus» ұғымы арқылы анықтайды. Зайырлы мемлекетте билік дін және діни бірлестіктерден бөлінген. Мемлекет дін ісіне, ал дін және діни бірлестіктер мемлекет ісі мен саясатқа араласпайды. Зайырлылық адамның діни сенімге деген бостандығын мойындап, діндарлықты адам болмысына тән сипат ретінде айқындайды. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде осы принцип арқылы мемлекет пен дін қатынастары реттелуде. Оның үлгілері де, шарттары да сан алуан. Мысалы, еуропалық үлгі сенушілердің санына, сол елдегі тарихи танымға және әлеуметтік маңызына қарай белгілі бір діндерге оңтайлы жағдай қарастыруға құрылады. Мұны Еуропаның жекелеген елдерінің мысалдарынан көруге болады. Айталық, Бельгияда мемлекет қаржылай көмек көрсететін алты дін бар. Бұл діндер мемлекеттік оқу орындарында оқытылады. Грекияда православтық шіркеу мемлекеттен қаржылай көмек алады. Италияда мемлекет тек алты христиандық діни бірлестіктермен ғана әріптестік келісімшартқа отырды. Осы діни бағыттардың ғана пәндерін оқытуға рұқсат етіледі. Францияда католик, ислам және иудаизм жетекшілерін мемлекеттік органдар тағайындайды. Діни қоңыраулар жергілікті муниципалдық биліктің рұқсатымен ғана қағылады. Чехияда тарихи шіркеулер мемлекеттік дотация алып отырады. Португалия мектептерінде негізінен католиктік пәндер енгізілген. Жоғарыда аталған елдердің бәрі дамыған, өркениетті, зайырлы мемлекеттер. Бірақ біз бұл елдердің ешқайсысының үлгісін дәлме-дәл көшіріп қоя алмаймыз. Бізде әлемдік тәжірибенің барлық тәуір жақтарын бойына сіңірген, өзіміздің тарихи, этникалық, рухани ерекшелігімізге сай қазақстандық модель болуға тиісті. Кезінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық дамуына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деп ойын білдірген-ді. «Біз – өзіндік тарихы және өзіне ғана тән келешегі бар еуразиялық елміз. Сондықтан біздің модель басқа ешкімдікіне ұқсас болмайды. Ол өзіне түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді». Алғашқыда классикалық (laisizm) зайырлылық қағидаттарын басшылыққа алған еліміз бертін келе Қазақстан халқының тарихи һәм діни тәжірибесі ескерілген зайырлылық үлгісін қалыптастыруды жүзеге асыра бастады. Нақтырақ айтар болсақ, 2011 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында «...Ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын...» мойындап, преференциялық зайырлылық немесе халықтың басым көпшілігінің діни ұстанымы ескерілген зайырлылықтың қазақстандық үлгісін қалыптастыруды қолға алды. Жоғарыда атап өткеніміздей, соңғы жылдары еліміз тарихи және діни тәжірибені ескере келе мемлекет пен дін қатынасын реттеуде мемлекеттік және қоғамға ықпалы зор әлеуметтік институттардың белгілі бір тобына оң көзқарас танытушылықты, яғни преференциялық зайырлылықты қолдана бастады. Мұны біз сол бағыттың мемлекетіміздің дін саясатында қолданылып қайсыбір атрибуттарынан да көруімізге болады. Мәселен, Құрбан айт және Рождество сияқты діни мерекелерге ресми мемлекеттік демалыстың берілуі, мемлекет басшысының тапсырмасымен «Уақып» қорының құрылуы бұдан бөлек кейбір облыс әкімдіктерінің арнайы қорлар құрып, мешіт имамдарына жалақы тағайындауы, Дін істері басқармалары мен құқық қорғау органдарының діни экстремизм және терроризммен күреске мешіт имамдарын тартуы, мемлекеттік телеарналарда ислам дініне қатысты танымдық бағдарламалардың іске қосылуы және өзге көптеген шаралардан преференциялық зайырлылықтың белгілері айқын аңғарылады. Мұның бәрі ұлттық мүдде мен дәстүрлі дінімізді мемлекет мүддесімен ұштастырып, тұтастығымызды нығайта түсуге өз септігін тигізуде. Мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың қазақстандық үлгісі либералды заңдар, діни толеранттылық, дінаралық диалог және плюрализм сияқты маңызды қағидаттарға негізделген. Осы қағидаттардың жүзеге асуының бір көрінісі елімізде қазіргі күнде 18 конфессияны құрайтын 3663 діни бірлестіктер бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың қазақстандық үлгісінің негізіндегі маңызды қағидат болып діни толеранттылық табылады. Нақты осы қағидат Қазақстанға тұрақты және дамушы ел болуға көмектесті және көмектесіп жатыр, сонымен қатар, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың тиімді үлгісі іздестіріліп жатқан шетелдік мемлекеттерге мысал болуға мүмкіндік беруде. Қазақстан елдің ішіндегі конфессионалдық тұрақтылықты сақтау және нығайтумен қатар, әлемдік бейбітшілікті орнатуға деген өз үлесін қосып отыр. Оған осыған дейін бес рет Астанада өткізілген дүниежүзілік дәстүрлі діндер басшыларының съезі мысал бола алады. Соңғы рет 2015 жылы өткен осы жиын көптеген әлемдік дінбасшыларының басын қосты. Діндер үнқатысуын (диалогын) қамтамасыз ету, діни төзімділікті, діни тағаттылықты нығайту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі. Үлкен діни форумдардың бізде өтуі – елімізге, қазақ халқына, Президентімізге деген үлкен құрмет пен зор сенім. Қазіргі таңда конфессионалдық мәселелерді шешуде біздің мемлекет әлемдік қауымдастыққа өз ұсыныстарын білдіре алады. Болашақта да жоғары деңгейде іске асып отырған саясаттың арқасында еліміздің осы саладағы көшбасшылардың бірі болып қалу ықтималдылығын арттырады. Жалпы алғанда бейбітшілік пен татулықты басты ұстанымға айналдырған тәуелсіз Қазақстанда діни экстремизм, лаңкестік атаулының алдын алу жұмыстары мықтап қолға алынған. Тату елдің ынтымағы артып, берекесі таситыны әу бастан белгілі ғой.

Асылхан Қалмырзаев, облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің инспекторы.