ЖУАЛЫ
ЖУАЛЫ
Көшбасшы жолы – дара жол Еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аудандық әділет басқармасының мәжіліс залында дөңгелек үстел отырысы өтті. Алдымен «Елбасы жолы» атты деректі фильм көрсетілді. Мұнан кейін аудандық әділет басқармасының басшысы Дидар Кенжебеков Ұлт Көшбасшысы жайлы баяндама жасады. Мекеменің нотариусы Меруерт Саттарова, адвокаты Ораз Шуақбаев, аудандық «Қазпошта» торабының маманы Жасұлан Арзымбетов тәуелсіз елімізді қалыптастыру жолындағы Елбасының ерен еңбектері жөнінде ой-пікірлерін білдірді.