Жамбылда не жаңалық?

Шу

The final spritzer

Шу

бильярдттан турнир өтті

Шу қаласындағы Балуан Шолақ атындағы кешенде республикалық турнирлерінің жүлдегері Арман Қосақовты еске алуға арналып, бильярдтан аудандық жарыс өтті. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов сөз сөйлеп, әуесқой қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша Жаңатас қаласының тұрғыны Данияр Садықов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Марат Әскербеков пен Асқар Айтжанов жүлделі орындардан көрінді. Қосақовтар әулеті жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ақшалай сыйлықтармен және кубок, дипломдармен марапаттады.