Жамбылда не жаңалық?

Сарысу

Сарысу

«руханият орталығы» ашылды

Жаңатас көп салалы колледжінде «Руханият орталығы» ашылды. Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау аясында тұсауы кесілген орталықтың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова сөз сөйлеп, бұл залда маңызы жоғары жиындар, семинарлар өтетінін айтты. Аталған орталықта «Туған жер», «100 есім», «100 оқулық» бағыттары бойынша арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, студенттердің қолымен жасалған макеттер, бұйымдар қойылған. Колледж директоры Нұрландия Түйтебаева патриоттық тақырыптағы игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін айтты.