«Қызыл перілердің» қызығы
«Қызыл перілердің» қызығы
Әлемдік мундиальдің ең қызықты матчтарының бірі – Бельгия мен Алжир құрамалары арасында өтті. Бірінші таймда Куртуа пенальтиді қайтара алмағаннан кейін-ақ, бельгиялықтардың ойыны өрбімей қойған. Үзілістен кейін де алжирліктер алдырмады. Жетпісінші минутта алаңға тыңнан қосылған ойыншы Феллаини гол соғып, есепті теңестірген. Сексенінші минутта Мертенес мергендігімен танылды. «Қызыл қырғындар» деген лақап атпен белгілі Бельгия құрамасы бар «қызықты» соңына сақтаған екен. Алжирліктерден жеңісті жұлып алды. Іріктеу турнирінде қақпасына ең аз соққы дарытқан құрама футболшылары осылай тағы да ірілік танытты.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".