Экономика

Үшіншісі – артық

Үшіншісі – артық

photo_79161photo_13092

Елімізде баға бағамын төмендетуге және бақылауда ұстап отыруға бағытталған шаралар тұрақты жүзеге асырылумен келеді. Тұрақтандыру қорлары тарапынан да ең алдымен осы мәселеге айрықша назар аударылуда. Дегенмен, бірқатар өнімдердің бағасы өсіп барады. Алыпсатарлардың аранын шектеп, тұтынушы мен өндірушінің арасында тікелей байланысты жолға қою үшін қандай қадам жасалуы тиіс? Үлкен тәбет  Бұған қарапайым ғана мысал келтірейік. Наубайханаларға бұрынғыдай мемлекеттік қордан арнайы бағамен ұн бөлінбейтініне қарамастан, нан бағасының жаппай өсуі орын алған жоқ. Оны айтасыз, бірқатар кәсіпкерлер халық арасында айрықша сұранысқа ие бөлке нанның құнын бірінші кезектегі азық ретінде бұрынғы деңгейінде қалдырды. Өйткені, бұл жерде алыпсатарлар саны аз – әдетте тасымал­даушылар нанды наубайханадан немесе нан зауытынан дүкендерге тікелей жеткізеді. Сөйтіп, қосылатын үстеме аз мөлшерде ғана болады. Ал, басқа тауарларға, әсіресе көкөніс пен жеміске келсек, жағдай мүлде басқаша. Бұл салада кей жағдайларда үстінен тіпті екі есе пайда көретін делдал буындардың тұтас бір тізбегі бар. Соның салдарынан тауар бағасы бес есеге дейін өсуі мүмкін! – Мысалы, еліміздің оңтүстік аймақтарында өндірушілер қырыққабатты алқап басынан 17 теңгеден өткерді делік, – дейді «Атамекен» ҰКП департаментінің сарапшысы Дархан Қалиев. – Ал базарлардағы бағасы едәуір өсетіні белгілі. Түптеп келгенде, оның келісін солтүстік өңірлердегі тұтынушылар тіпті 71 теңгеден сатып алады. Мұның бәрі – делдалдық құрылымдар тізбегінің салдары. Оның айтуынша, Астанада сиыр етінің әр келісінің бағасы өндірушіде 1100 теңгені құрайды. Бірақ оның бөлшек саудадағы бағасы 1520 теңгеге дейін өсіп кетеді. Мұндай мысалды еліміздің барлық қалаларынан дерлік кездестіруге болады. Бүгінде тұрақтандыру қорлары тұрғындарға көмекке келуде. Олардың міндеті – кенеттен бағасы көтеріліп кеткен азық-түлікті саудаға арзан бағамен жаппай шығару арқылы тауарлар бағасын төмендету. Одан әрі азық-түліктер тұрғындарға нарықтағыдан арзан бағамен арнайы дүңгіршектер арқылы сатылады. Сонымен қатар, аймақтарда жұмыс істейтін бағаны бақылау жөніндегі жергілікті комиссиялар дүкендер мен супермаркеттерді аралап, бағаларын бағамдайды. Бірақ, олардағы бағалар орнында, ал басқаларында неге екені белгісіз, шамадан тыс өсу үстінде. Тұрғындар үшін облыстық, аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелерінің де көмегі мол. Оларға көкөніс өсірушілер өз тауарларын тікелей алып келіп, бастапқы бағасымен өткере алады. Мұндай шаралар қарапайым тұтынушылар арасында танымал болып та үлгерді. Дегенмен, оларды жиі өткізу мүмкін болмай тұр. Мұндай жәрмеңкелер ең жиі дегенде аптасына бір рет өткізілетін болса, басқа уақытта бағаның бәрін нарық реттеуде.   Түбегейлі шара    Бұл орайда «Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлер палатасының елімізде көтерме-үйлестіру орталықтарын құру туралы ұсынысы – назар аударуға тұрарлық бастама. Орталықтардың міндеті – басы артық делдалдық құрылымдарды жойып, сол арқылы ел ішінде азық-түлік тауарларының бағасын арзандату. – Бүгінгі таңда нақты өмір шындығына сай ел базарларында тәртіп орнатуымыз қажет – бейберекеттікке, ластыққа, сауда жасауға лайықты жағдайдың болмауына, ең бастысы делдалдардың тұтас бір тізбегіне жол бермеу үшін жаңғырту шаралары жүзеге асырылуға тиіс, – дейді «Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі департаментінің директоры Дінмұхамед Абсаттаров. – Қыруар қаржы жұмсап, маңдай терін төгіп өнім өндірген шаруалардың түпкі есепте тиын-тебен табатыны, ал, алыпсатарлардың жан қинамай екі-үш есе пайда көретіні қай тұрғыдан да әділетті емес. Жағдайды күрт өзгертуге, бұл мәселеде тәртіп орнатуға тиіспіз. Сол үшін де біз бағаны айқындауда тежеуші тетікке айналатын көтерме-тарату орталықтарын құруды ұсынып отырмыз. Дінмұхамед Абсаттаровтың түсіндіруінше,  бұл іске жобаға қызығушылық танытқан бизнесмендер тобы тартылмақ. Бірақ, мемлекет тарапынан да қаржылық қолдау болуы мүмкін. «Міне, сонда ғана шаруалар өз тауарларын кепілді түрде өткеру, ал, супермаркеттер мен сауда желілері тауарды тиімді баға бойынша алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады», – дейді ол. Шын мәнінде де бұл құптарлық бастама. Оның түпкі нәтижесінде тұтынушы да, өндіруші де ұтады. Еліміздің бірқатар құрылымдарының басшылары аталмыш жобаға қолдау білдірсе, көптеген кәсіпкер қазірдің өзінде жобаға қатысуға, тіпті инвестиция салуға ықылас танытып отыр. Мәселен, Тараздағы екі бірдей базардың басшылары өз аумақтарында көтерме-үйлестіру орталықтарын құру жұмыстарын бастауға дайын. Оларда жаңа құрылымдық жүйені орналастыруға мүмкіндік беретін өндірістік алаңдар, бос қоймалар, контейнерлер мен салқындатылған  бөлмелер баршылық. Бұл орайда ҰКП қызметкерлерінің өңіріміздегі базарларда баға бағамын тұрақтандыру мәселесін де жеткілікті деңгейде зерделегенін айта кеткен жөн. Оларда тауарлар құнындағы алшақтықтың үлкен екендігі анықталған. Тауарларды жеткізу ауқымының ала-құлалығына қарай бұл алшақтық кей жағдайда 100 пайызға дейін жетеді екен. Делдалдық құрылымдарды жою бағадағы осындай «секірістерді» болдырмауға көмектеседі. Қазіргі кезде Ұлттық палата еліміздің барлық өңірлерінен ұсыныстар жинау үстінде. Ол ұсыныстар көтерме-үйлестіру орталықтарын ұйымдастыру ережесін қалыптастыру барысында ескерілетін болады. Алыпсатарлықты аластайтын бұл шара ел үкіметі қабылдап жатқан басқа да шаралармен бірге республика базарларындағы бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік беретін болады деп сенгіміз келеді. Сонда тұтынушы мен жеткізіп беруші арасында тікелей байланыс орнатылып, делдалдық құрылымдардың саны едәуір азая түспек.  

Ақбота БАТЫРБЕКОВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

немесе делдалдардан қалай арылуға болады?

Үлкен тәбет Бұған қарапайым ғана мысал келтірейік. Наубайханаларға бұрынғыдай мемлекеттік қордан арнайы бағамен ұн бөлінбейтініне қарамастан, нан бағасының жаппай өсуі орын алған жоқ. Оны айтасыз, бірқатар кәсіпкерлер халық арасында айрықша сұранысқа ие бөлке нанның құнын бірінші кезектегі азық ретінде бұрынғы деңгейінде қалдырды. Өйткені, бұл жерде алыпсатарлар саны аз – әдетте тасымал­даушылар нанды наубайханадан немесе нан зауытынан дүкендерге тікелей жеткізеді. Сөйтіп, қосылатын үстеме аз мөлшерде ғана болады. Ал, басқа тауарларға, әсіресе көкөніс пен жеміске келсек, жағдай мүлде басқаша. Бұл салада кей жағдайларда үстінен тіпті екі есе пайда көретін делдал буындардың тұтас бір тізбегі бар. Соның салдарынан тауар бағасы бес есеге дейін өсуі мүмкін! – Мысалы, еліміздің оңтүстік аймақтарында өндірушілер қырыққабатты алқап басынан 17 теңгеден өткерді делік, – дейді «Атамекен» ҰКП департаментінің сарапшысы Дархан Қалиев. – Ал базарлардағы бағасы едәуір өсетіні белгілі. Түптеп келгенде, оның келісін солтүстік өңірлердегі тұтынушылар тіпті 71 теңгеден сатып алады. Мұның бәрі – делдалдық құрылымдар тізбегінің салдары. Оның айтуынша, Астанада сиыр етінің әр келісінің бағасы өндірушіде 1100 теңгені құрайды. Бірақ оның бөлшек саудадағы бағасы 1520 теңгеге дейін өсіп кетеді. Мұндай мысалды еліміздің барлық қалаларынан дерлік кездестіруге болады. Бүгінде тұрақтандыру қорлары тұрғындарға көмекке келуде. Олардың міндеті – кенеттен бағасы көтеріліп кеткен азық-түлікті саудаға арзан бағамен жаппай шығару арқылы тауарлар бағасын төмендету. Одан әрі азық-түліктер тұрғындарға нарықтағыдан арзан бағамен арнайы дүңгіршектер арқылы сатылады. Сонымен қатар, аймақтарда жұмыс істейтін бағаны бақылау жөніндегі жергілікті комиссиялар дүкендер мен супермаркеттерді аралап, бағаларын бағамдайды. Бірақ, олардағы бағалар орнында, ал басқаларында неге екені белгісіз, шамадан тыс өсу үстінде. Тұрғындар үшін облыстық, аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелерінің де көмегі мол. Оларға көкөніс өсірушілер өз тауарларын тікелей алып келіп, бастапқы бағасымен өткере алады. Мұндай шаралар қарапайым тұтынушылар арасында танымал болып та үлгерді. Дегенмен, оларды жиі өткізу мүмкін болмай тұр. Мұндай жәрмеңкелер ең жиі дегенде аптасына бір рет өткізілетін болса, басқа уақытта бағаның бәрін нарық реттеуде. Түбегейлі шара Бұл орайда «Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлер палатасының елімізде көтерме-үйлестіру орталықтарын құру туралы ұсынысы – назар аударуға тұрарлық бастама. Орталықтардың міндеті – басы артық делдалдық құрылымдарды жойып, сол арқылы ел ішінде азық-түлік тауарларының бағасын арзандату. – Бүгінгі таңда нақты өмір шындығына сай ел базарларында тәртіп орнатуымыз қажет – бейберекеттікке, ластыққа, сауда жасауға лайықты жағдайдың болмауына, ең бастысы делдалдардың тұтас бір тізбегіне жол бермеу үшін жаңғырту шаралары жүзеге асырылуға тиіс, – дейді «Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі департаментінің директоры Дінмұхамед Абсаттаров. – Қыруар қаржы жұмсап, маңдай терін төгіп өнім өндірген шаруалардың түпкі есепте тиын-тебен табатыны, ал, алыпсатарлардың жан қинамай екі-үш есе пайда көретіні қай тұрғыдан да әділетті емес. Жағдайды күрт өзгертуге, бұл мәселеде тәртіп орнатуға тиіспіз. Сол үшін де біз бағаны айқындауда тежеуші тетікке айналатын көтерме-тарату орталықтарын құруды ұсынып отырмыз. Дінмұхамед Абсаттаровтың түсіндіруінше,  бұл іске жобаға қызығушылық танытқан бизнесмендер тобы тартылмақ. Бірақ, мемлекет тарапынан да қаржылық қолдау болуы мүмкін. «Міне, сонда ғана шаруалар өз тауарларын кепілді түрде өткеру, ал, супермаркеттер мен сауда желілері тауарды тиімді баға бойынша алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады», – дейді ол.Шын мәнінде де бұл құптарлық бастама. Оның түпкі нәтижесінде тұтынушы да, өндіруші де ұтады. Еліміздің бірқатар құрылымдарының басшылары аталмыш жобаға қолдау білдірсе, көптеген кәсіпкер қазірдің өзінде жобаға қатысуға, тіпті инвестиция салуға ықылас танытып отыр. Мәселен, Тараздағы екі бірдей базардың басшылары өз аумақтарында көтерме-үйлестіру орталықтарын құру жұмыстарын бастауға дайын. Оларда жаңа құрылымдық жүйені орналастыруға мүмкіндік беретін өндірістік алаңдар, бос қоймалар, контейнерлер мен салқындатылған  бөлмелер баршылық. Бұл орайда ҰКП қызметкерлерінің өңіріміздегі базарларда баға бағамын тұрақтандыру мәселесін де жеткілікті деңгейде зерделегенін айта кеткен жөн. Оларда тауарлар құнындағы алшақтықтың үлкен екендігі анықталған. Тауарларды жеткізу ауқымының ала-құлалығына қарай бұл алшақтық кей жағдайда 100 пайызға дейін жетеді екен. Делдалдық құрылымдарды жою бағадағы осындай «секірістерді» болдырмауға көмектеседі. Қазіргі кезде Ұлттық палата еліміздің барлық өңірлерінен ұсыныстар жинау үстінде. Ол ұсыныстар көтерме-үйлестіру орталықтарын ұйымдастыру ережесін қалыптастыру барысында ескерілетін болады. Алыпсатарлықты аластайтын бұл шара ел үкіметі қабылдап жатқан басқа да шаралармен бірге республика базарларындағы бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік беретін болады деп сенгіміз келеді. Сонда тұтынушы мен жеткізіп беруші арасында тікелей байланыс орнатылып, делдалдық құрылымдардың саны едәуір азая түспек. Ақбота БАТЫРБЕКОВА,облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.