Мюллер Мессиден де озып тұр
Мюллер Мессиден де озып тұр
Әлем чемпионатындағы алғашқы хет-триктің авторы да анықталды. Ол Германия құрамасының шабуылшысы Томас Мюллер. Португалия құрамасына үш гол соққан сұрмерген Мессиді де, Бенземаны да артқа қалдырды. Бұған дейін бірде-бір кездесуде мұндай нәтиже тіркелмеген болатын. Дубльдің авторлары бар, әрине. Бірақ үш гол соққан шабуылшы кездескен емес. «Еurosport.ru» сайты осы матчтан кейін жұлдызы жанған Томас Мюллердің пікірін жариялапты. «Әлем чемпионатының алғашқы айналымында үш гол соғу оңай емес. Әсіресе, қарсыласың Португалия секілді құрама болса. Бірақ, мен алаңда допты игере алмай алаңдап қалатын ойыншы емеспін. Төрт жылда біраз тәжірибе жинап, ысылдым», – депті сұрмерген.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол"