Саясат

Жасампаз елдің жарқын бастамасы

Жасампаз елдің жарқын бастамасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланған сәттен бастап, қазақ әліпбиін заманауи талаптарға негіздеп, латын графикасына көшіру мәселесі ел көлемінде кеңінен талқыға түсті. Әбден ой елегінен өткізілді. Мемлекет болашағы үшін аса маңызды мәселені тұтас қазақ жұрты «бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай» сана төрінен өткізіп, өз пікірлерін ортаға салды. Түрлі саланың білгірлері, әсіресе жас өскін ұрпақ өз ұстанымдары мен ойларын бүгіп қалмай, жариялы түрде көпшіліктің назарына ұсынып жатты. Бұл дегеніміз біздің елдің нағыз зайырлы мемлекет екенін айқындаса, айғақтаса керек. Шынтуайтында солай ғой. Еліміздің рухани жаңғыруы латын графикасын қолға алудан басталып отырғаны баршамыздың көңілімізге қуаныш отын ұялатты. Ұсынылған жобалар терең талдау мен зерделеуден өткенін баспасөз бетінен оқып, танысып отырдық. Соның нәтижесінде сөзден іске көшетін сәт туғанын ескерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз ойын ортаға салды. Ақырында әліпбиімізді кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, баршамызға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Жалпы қалай десек те біз демократиялық мемлекет ретінде өзімізді көрсете алдық. Әйтпесе қай елде әліпби мәселесін тұтас мемлекет болып ой сүзгісінен өткізіп еді? Мұның өзі жариялылықтың айқын көрінісі емес пе? Тәуелсіз Қазақстан елі өз дамуының жаңа белесіне жаңа латын графикасына негізделген әліпбимен аяқ басуға құлшынып отырғаны білім саласының қызметкерлеріне әрі қуаныш, әрі үлкен жауапкершілік жүктейді деп ойлаймын. Кез келген мәселеде ой таластырсақ, тарихқа жүгінетініміз бар. Осы тұрғыдан алып қарасақ, қазақ тарихында латын графикасы ілгеріде қолданыста болғанын білеміз. Талай-талай тарихи кітаптар, құнды деректер дәл осы әліпбимен тасқа қашалып жазылғаны баршамызға аян. Осыдан-ақ латын графикасы біздің ел үшін таңсық емес екенін аңғаруға болады. Өркендеу мен дамудың жолын таңдаған әрбір зайырлы мемлекет әлемде орын алып жатқан өзгерістерге қарап, болашағын бағдарлайтыны белгілі. Төрткүл дүниеде болып жатқан өзгерістер, саяси-мәдени, ғылыми, инновациялық жаңалықтарды ой зердесінен өткізген елдің келешегі кемел. Өйткені жаңа таңдаумен жарқын болашақты таразылайды. Шынын айту керек, жаһандану көші ешкімді басынан сипай қоймайды. Бәріне де дайын болуымыз керек. Латын графикасы – соның бірі. Байқап-бажайласақ, латын графикасына негізделген әліпбиді әлемнің 70-80 пайызы қолданады. Мұның өзі бұл жазудың танымалдылығын, ғаламдық өркениетте алатын орнын айқындап тұрған жоқ па? Мәселеге осы жағынан келсек, біздің мемлекеттің, Елбасының қолға алып отырған стратегиялық жоспары өте дұрыс екені өздігінен айқындала түседі. Жалпы, латын графикасы әлемдік өркениеттің алтын діңгегі іспеттес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұны асқан кемеңгерлікпен сезініп, біліп отыр. Сонымен қатар, ел дамуы үшін өзекті мәселеге дер кезінде кірісуіміз қажеттігін де түйсінеміз. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін қалыптастыру керектігі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірнеше мәрте сөз болғаны есімізде. Ол кезде бәрі басқаша болатын. Еліміз мемлекет ретінде қадамын қаз-қаз басқан сәбидей еді. Сондықтан да Президент «Алдымен экономика, одан кейін саясат» ұстанымын ұстанып, мәселеге кейінірек қайта оралуды көксегені сөзсіз. Бұл – көрегенділіктің жемісі. Латын графикасына көшетін кез келіп жетті. Мен Елбасының бұл мәселедегі ойларын әрбір қазақстандық секілді қос қолдап қуаттаймын. Ұсынылған жобаны мақұлдаймын. Ғылым мен білім салтанат құрған ХХІ ғасырда көштен кеш қалмауымыз үшін де латын графикасына әліпбиімізді негіздеуіміз керек. Бұл кезек күттірмейтін мәселе. Әліпбиді меңгеру бастапқы кезеңде жасы егде азаматтарға қиындық туындатқанымен, уақыт өте келе бәрінің бойы үйренісетініне сенімім зор. Өйткені, бұл игі іс, саяси шара бір күндік шаруа емес, болашақ үшін, жастардың кемел келешегі үшін атқарылып жатқан үлкен тірлік. Сондықтан да Мемлекет басшысының салиқалы, сарабдал саясатын қолдап, қуаттай отырып, жасампаз елдің жарқын бастамасына жұмылған жұдырықтай өз үлесімізді қосуымыз керек.

Ербол Әбутәліпов, аудандық білім бөлімінің басшысы.

Т. Рысқұлов ауданы.