Жамбылда не жаңалық?

Қордай

Қордай

Кенен мұражайына саяхат

Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектептің үшінші сынып оқушылары сынып жетекшілерінің бастауымен сал-серілердің соңғы тұяғы саналатын Кенен Әзірбаевтың мұражай үйіне саяхат жасады. Мұражай қызметкерлері оларға ақынның көзі тірісінде қолданған заттарын көрсетіп, шығармашылығы жайлы кең мағлұматтар берді. Жол-жөнекей жас саяхатшылар асу биігіндегі Қордай батыр кесенесіне де аялдап, аты аңызға айналған батыр туралы деректерге қанықты.