- Advertisement -

«AQ JOL» газетін асыға күтемін

177

- Advertisement -

Әр адамның рухани кемелденуі оқумен, білім алумен, қоғамдағы даму көшінен қалмаумен бағаланады. Бұл ретте мерзімді басылымдардың орны бөлек. Мен бірнеше газет-журналға жазыламын. Оның ішінде облыс баспасөзінің қара шаңырағы – «AQ JOL» газетінің жөні бөлек.
Бұл газет қазіргі таңда жаңаша түрленіп, ажарланып, ерекше маңызға ие болып отыр. Бірнеше арнайы беттері, оқырманға қажетті айдарлары бар. Мен 80 жастан асқан ақсақалмын. Сондықтан, маған ерекше ұнайтыны – «Оқырмандар отауы». Бұл арнайы бетте әр аудан, ауылдан жолданған хаттар жарияланып, оқырманның алуан пікірлері жарияланады. Олардың ұсыныстары да басқа оқырмандарға ой салады. Себебі, «Оқырмандар отауына» хат жазатындар ауылда тұратын, сол елді мекеннің мәселелерін толық білетін, елмен етене жандар.
Мен қазақтың шешендік қасиетін, батырлығын, даналығын жоғары бағалаймын. Сондықтан, «AQ JOL» газетіндегі тарихи танымдық материалдарды да терең мән беріп, үзбей оқимын. Тарихи жерлер туралы жазғандарыңыз да ерекше.
Сол үшін бұл басылыммен байланысым қашанда жоғары. Биыл да ауылда алғашқылардың бірі болып «AQ JOL» газетіне жазылдым. Өзімнің замандастарым да, ауылдастарым да «AQ JOL» газетін жоғары бағалап, ондағы мақалалар, жарияланған материалдар жөнінде айтып, ой бөлісіп жүреміз. Газет соңғы кездері жас журналистермен толықты. Оны да құптаймыз. Аға буын журналистерден үйрену арқылы жас буын қалыптасып, шыңдалады. Сөз соңында облыстың аға басылымына жазарың көп болсын, таралымың арта берсін, «AQ JOL» деп тілек арнағым келеді.
Жамбыл ауданы.

Бейсенбек Асқаров,
тыл және еңбек ардагері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support