Жамбылда не жаңалық?

Жуалы

Жуалы

Жас дарындар олимпиадасы

Аудан әкімдігінің білім бөлімі және Алматы қаласындағы «Аlpha academy» білім академиясының бірлесіп №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында математика пәнінен олимпиада өткізді. Олимиадаға аудандағы 30 орта мектептен барлығынан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Білім бәсекесі жоғары деңгейде өтіп, нәтижесінде жүлделі бірінші орынды №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Нигора Әлімжан жеңіп алды. Ал, екінші орынды №29 А.Герцен атындағы орта мектептің оқушысы Назерке Наралы иеленсе, жүлделі үшінші орын №15 орта мектебінің оқушысы Дүйсенбек Исламға бұйырды. Марапаттарды аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов, «Аlpha academy» білім академиясының директоры Бақнұр Зиябеков салтанатты жағдайда табыстады.