Сарысу
Сарысу
«Денсаулық пойызы» – ауданда Жуырда еліміздің денсаулық және әлеуметтік дамыту, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктері мен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бірлесе ұйымдастыруымен арнайы әлеуметтік жоба аясында көршілес Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданынан сапарға шыққан «Денсаулық пойызы» ауданымызға келіп жетті. Көшпелі емхана УЗИ, рентген, қан зертханасы секілді заманауи кабинеттер және құрылғылармен жарақтандырылған. Топтың құрамында кардиолог, оташы, стоматолог, гинеколог, невропатолог, терапевт, окулист, құлақ, тамақ және мұрын, балалар дәрігері секілді мамандар бар. Осылайша сарысулықтар 3 күн бойы білікті дәрігерлерге қаралып, тегін диагностикалық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.