Жамбыл
Жамбыл
Ауданда қой қырқу науқаны аяқталды. Қос шаруашылық «Пионер» мен «Юнчи» ӨК-нің малынан сапалы биязы жүн жиналды. Әр қойдан 4-4,5 келіден жүн қырқылды. Енді Шымкенттегі жүн өндіруші «ШК ПОШ» фабрикасына пионерліктер, ал юнчиліктер «Жамбыл ПОШ»-қа жүндерін өткізе бастады.