Жамбылда не жаңалық?

Жуалы

Жуалы

Жаңартылған қуат көздерінің көлемі артпақ

Ауданда «жасыл экономика» аясындағы жұмыстар желісін кеңге жаюда. «DUESUN TARAZ» ЖШС 200 МВт қуат өндіру әлеуетіне ие күн электр стансасын іске қосуды жоспарлауда. Бүгінде зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізуге Билікөл ауылдық округі аумағынан 500 гектар жер бөлінген. Жобаның жалпы құны 300 миллион еуроға жуық қаржыны құрайды деп күтілуде. Жалпы, ауданда биылғы жылғы шілде айының қорытындысы бойынша негізгі қордағы инвестиция көлемі 2 661 027 миллион теңгені құраған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзіміндегіге қарағанда анағұрлым көп.