Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

Әлеуметтік сауда бұрыштарының қатары көбейеді

Аудан әкімдігінің бастамашы болуымен Сарыкемер ауылындағы «Бегей» супермаркетінде алғашқы әлеуметтік сауда бұрышы ашылды. Бұл жерде әлеуметтік маңызға ие тауарлар ауданның басқа дүкендеріне қарағанда біршама төмендетілген бағамен өткеріледі. Сауда сөресі тұсына әрбір отбасының күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің тізімі де ілініп қойылған. Тұтынушылар мұнда өнімнің 19 түрін сатып алу мүмкіндігіне ие. Ауданда мұндай сауда бұрышы желісін одан әрі кеңейту ойластырылуда. Әлеуметтік қатарлар таяу уақытта «Арзан», «Кәусар» супермаркеттерінде де ашылмақ.