Еліміздегі екі қорық ЮНЕСКО тізіміне енді
Еліміздегі екі қорық ЮНЕСКО тізіміне енді
Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ақжайық және Қатонқарағай қорықтары ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары тізіміне енгізілді.
Бұл Швецияның Йенчепинг қаласындағы Ист Вестерн Скарп қорығында 10-13 маусым аралығында өткен ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесінің жиынында айтылды. Жиында биосфералық қорықтардың дүниежүзілік тізіміне жаңадан 13 қорық кіргізілген. Атырау облысындағы Ақжайық қорығы Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауына жапсарлас. Қорыққа құстың ондаған түрі аялдап, көбейеді. Шығыс Қазақстандағы Алтай тауындағы Қатонқарағай қорығында өсімдіктердің ондаған түрі өседі.