Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

«Швейцарлық үйлер» туристердің көзіне түсті

Меркі шатқалында «Тұран» демалыс-сауықтыру аймағы жұмыс істеп жатқанына екінші жыл. Таулы өңірдің таза ауасы, көркем табиғаты, әсіресе, «швейцарлық үйлер» келушілерді айрықша әсерлерімен де баурайды. Кешен Меркі өзені жағасына орналасқан. Демалушылар үшін екі қабатты, 14 орындық VIP-үйлерді тәуліктік жалға алу ақысы 10 мың теңге көлемінде. Бүгінгі күнге дейін демалыс аймағы Алмания, Ұлыбритания және Ресей туристерін де қабылдап үлгерген. Мұнда түрлі сервистік қызмет көрсетулер де жүзеге асырылады. Барлығы 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.