Жамбылда не жаңалық?

Жуалы

Жуалы

«Моцарелла»... Момышұлы ауылында өндіріледі

Жуалылық кәсіпкерлер үшін ірімшік өндіру басым бағыттардың біріне айналуда. Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Мешелов» ЖК өңіріміздегі «Моцарелла» ірімшігін өндіретін бірегей кәсіпорын саналады. Жобаның жалпы құны 130 миллион теңгені құрайды. Мұнда сондай-ақ сары май, сүзбе, брынза, чечил секілді сүт өнімдерін өндіру де табысты жүзеге асырыла бастады. Өнімдер Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларына өткерілуде. Жуалылықтар былтыр Ресейге 100 тоннадан астам ірімшік экспорттаған.