Бұлқынады жыр-жүрек
Бұлқынады жыр-жүрек
Жүрегімде жазылмаған жырлар бұлқынып жатыр. Кейде адамдардың бәрін жақсы көруге махаббатым жете бермейді. Бірақ, жүрегіммен жақсы көремін. Адамдардың бір-бірімен түсініспеушілігі болған кезде «Иә, не жағдай, айтшы, ақылмен шешейік» – десе ғой. Сонда біразымыздың жүйкеміз орнында болар еді. Әй, қайдан олай болсын!
* * * Концерт тыңдаған қандай жақсы. Менің өмірім күнде концерт. Барлық нәрседен шынайылық іздеймін. Сіз ше, сіз қандайсыз, осы? Не деп кеттім, өзі!
* * * Мен-дағы құсжандымын. Құстардың әлемін қызықтағанды ұнатамын. Кейде құстың тілінде сөйлеп кеткім келеді. Жақсы бір жыр жазатын секілдімін...
Арайлы Жақсылық.