- Advertisement -

Таласта туған Жанқошқа «HBO» арнасы қызығып отыр

99

- Advertisement -

Кәсіпқой рингте өткізген 21 кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, 15 қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан жамбылдық жампоз Жанқош Тұраровтың өнеріне бокс әлеміндегі ең беделді телеарналардың бірі «HBO» қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы боксшының промоутері Нельсон Лопес айтып берді.
«Жанқоштың жұдырықтасу мәнеріне әйгілі «HBO» арнасы қызығып отырған жайы бар. Соған қарағанда қазақ боксшысы болашақтағы кездесулерін аталмыш телеарнамен келісе отырып өткізуі ықтимал. Жанқош Тұраровтың әлем чемпионы атағын иеленетін күні алыс емес. Өйткені, ол талантын еңбегімен ұштастыра білген боксшы», – деді өз ойымен бөліскен боксшының промоутері.
Кәсіпқой бокс әлемінде ең танымал телеарналар санатына «Showtime», «HBO» секілді алпауыт ұжымдар кіреді. Соңғы кездері ең танымал боксшылар «HBO» телеарнасымен келісімшартқа отырғаны баршамызға мәлім. Сол себепті де аталмыш телеарна қазіргі таңда бәсекелестерінен бір саты жоғары тұр. Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген жерлесімізге «HBO» телеарнасының қызығушылық танытып отырғаны көңілді тоғайтады. Мұндай мықты ұжымның сенімінен шығу үшін Жанқош Тұраров бүгін аргентиналық Бруно Леонардо Ромэймен өтетін шайқасында жарқын жеңіске қол жеткізуі тиіс.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров Талас ауданының Ақкөл ауылында дүниеге келген.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support