«Е-қызмет»: ыңғайлы, жылдам әрі жариялы
«Е-қызмет»: ыңғайлы, жылдам әрі жариялы
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды жүйеге көшіру – қарапайым тұрғындар үшін де, қызметші үшін де қолайлы. Мәселен, қызметшілер кезекті еңбек демалысына немесе материалдық көмек алуға өтініш жазу керек пе, өз жетістіктеріңізбен марапаттарыңызды тіркеу қажет пе, қазір мемлекеттік қызметшілер кадрлық құжаттарды қағазда емес, электронды форматта жасауына болады. Сізге «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі көмектеседі. «Е-қызмет» дегеніміз не? «Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі – біздің еліміздегі мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуеті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің және мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметінің басты мәселелерін шешу, персоналды басқару процестерін дамыту мен жетілдіру жүйесі. Бұл жоба агенттіктің және мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметін автоматтандыру, басқару жүйесіне үздік халықаралық тәжірибені енгізу, «онлайн» режімінде орталық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер бойынша барлық ақпаратты алу мақсатында енгізіліп отыр. «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу персоналды басқару қызметінің жұмысының өнімділігін арттырады. Жеке деректер, ұйымдастыру ісі (кадрлық есепке алу), кәсіби және жеке бас құзіреті жайлы, білімі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, аттестаттау және бағалау нәтижелері, марапаттау және әкімшілікпен тәртіптік жаза туралы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы сот және құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша жаңартылған ақпараттарды алу кезінде уақыт және еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік береді. «Е-қызмет» жүйесі мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы қолжетімді болады. Дегенмен, кадр қызметкерлерінің ойынша, бұл қызметті енгізуді тежейтін кедергілер де кездеспей қалмайды. Мемлекеттік қызметші өз шағымдары мен ұсыныстарын жобаны әзірлеушілерге жеткізіп отырады. Жүйе онлайн режімде персоналды басқарудың барлық кадрлық жұмысын автоматтандыруға көмектеседі. Мәселен, мұнда қанша қызметкердің іссапарда немесе еңбек демалысына қанша уақытқа кеткенін бақылауға болады. «Е-қызметте» сонымен қатар, қызметкерлердің деректері бар жеке іс-қағаздары және кадрлық өзгерістер туралы ақпараттар сақталады. Мұның барлығы бюрократиялық кедергілер мен қағазбастылықты, сонымен қатар түрлі операцияларды орындауға кеткен уақытты қысқарту үшін жасалып отыр. Әзірленген жобаның басты мақсаты – жұмыс процесін автоматтандыру. Оны енгізу бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиімді. Олар мұнда ынталандырулар мен жетістіктері туралы барлық ақпаратты енгізулері және жаңартулары керек, барлық жұмыстары осы жерден көрініс табады, сондықтан себепсіз оларды жұмыстан шығара алмайды. Біз жаңа жүйеде жұмыс істеуді барлық кадр қызметкерлеріне үйреттік. Бірақ, «Е-қызметті» мемлекеттік органдарға енгізу тежеліп отыр. Кадр қызметінің жұмысшылары «Е-қызметтің» кейбір кемшіліктері бар деп санайды. Рас, жүйеде бағдарламалық қателер бар, ара-тұра шамадан тыс ақпараттарды тіркеу кезінде тоқтап қалады. Бағдарламалық қателіктер кейде шынайы ақпараттың орнына жалған сандарды көрсетуі мүмкін, бұл мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жеңілдетудің орнына керісінше қиындатады. Дегенмен, бағдарламалық қателіктерді жөндеуге мүмкіндік бар. Ол үшін консультациялық көмек көрсетіледі. Яғни, қызметші аталған жүйемен жұмыс істейтін әрбір қызметкерге хабарласып, кеңес сұрай алады. Жаңа жүйеде жұмыс істеуді теориялық тұрғыда емес, практикада үйренген тиімді. Мәселен, біздің өңірімізде көрсетілгендей қолдау қызметіне соғылатын шексіз қоңыраулардың орнына бір рет шеберлік сағатын өткізуге болады. Себебі, бұл жүйе цифрлық Қазақстан аясындағы мемлекеттің кадрлық саясатының заманауи талаптарына сай келеріне сенімдіміз.
Қуаныш Қарашолақов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы.