Мәдениет

Қара нар іспетті каламгер

Қара нар іспетті каламгер

23Аудандық «Достық» мәдениет үйінде қарымды қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, Талас және Жуалы аудандарының Құрметті азаматы, жерлесіміз Мақұлбек Рысдәулеттің «Ауылым – алтын бесігім» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке жазушының қаламдас дос-жарандары, әріптестері, еліміздің әр қиырында еңбек етіп жүрген курстастары мен сыныптастары, ағайын-туыстары, оқырман қауым қатысты.

Қаламгердің 65 жасқа толуына орайластырылған әдеби кешті «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры, елімізге танымал журналист Мейрамбек Төлепберген жүргізіп, М. Рысдәулеттің шығар-машылығынан жан-жақты мағлұмат беріп отырды. Шығармашылық кеште облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков жазушыға деген ізгі ниетін білдіре келіп, облыс әкімі К.Көкірекбаевтың құттықтауын табыс етті. Аудан әкімі Батырбек Құлекеев Мақұлбек Рысдәулеттің еңбек және шығармашылық жолы туралы айта келіп, өзінің Алғыс хатын тапсырды, қазақы дәстүрмен үстіне шапан жапты. Белгілі ақын, есімі айтыс өнері арқылы елге танылған Жүрсін Ерманов Мақаңмен бір кездері Жезқазған облысында бірге еңбек еткен кездері туралы айтып берді. – Университетті жаңа бітіріп барған Мақаң сияқты жігіттер жаңадан ашылған облыстық газеттің қалыптасып, ұлы көшке ілесіп кетуіне көп үлес қосты, – деді ол. – Мақаң да сонда шеберлігін шыңдады, журналист ретінде қалыптасып, үлкен мектептен өтті. Қатардағы қызметкерден газеттің жауапты хатшысына дейін көтерілді. Облыстық газетті республикадағы таңдаулы басылымдар қатарына дейін жеткізді. Бұдан соң сөз алған жазу-шының ағасы Болатбек Қайыпбеков жазушы бауырының балалық шағынан сыр шертті. Шығармашылық кеште елімізге танымал сатирик-жазушы Көпен Әмірбеков, жуалылық қаламгер Талғат Сүйінбаев басқа да көптеген жазушылар, журналистер, ғалымдар сөз алып, Мақұлбек Рысдәулеттің шығармашылығы, өздері білетін қырлары мен сырлары туралы қызықты әңгімелер айтты, сый-сияпаттарын тапсырды. Жуалы халық театры Мақаңның дайындауымен Шерхан Мұртазаның «41-ші жылғы келіншек» әңгімесінен көрініс қойды. Кеште, әрине, ән мен жырға да көп кезек берілді. Мұның бәрі шығармашылық кештің мазмұнын арттырып, ажарын аша түсті. Сондай-ақ, кешкі дастархан басында облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы әріптес ағасының қазақ баспасөзіндегі қатепті қара нар іспетті орны туралы айта келіп, иығына шапан жапты.

Мейірбек Мәтенов, журналист.

Жуалы ауданы.