Саясат

Жаңғырту ісі бойынша күш-жігерімізді жұмылдырамыз

Жаңғырту ісі бойынша күш-жігерімізді жұмылдырамыз

Берік Иманалиев,

аудандық соттың жетекші маманы. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жаңғыру үрдісі негізгі үш сала – экономикалық, саяси және рухани бағыттар бойынша өрбіп жатқандығын, бұл реформа арқылы «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы мақсаттарымызға жететіндігімізді мәлімдеді. Біздің жаңғыртуымыз айтарлықтай күрделі жаһандық жағдайда жүріп жатқандығын, әлемді бұрынғысынша тынышсыздық билеп тұрғандығын, державалар арасындағы үнқатысу санкциялық саясатпен ілесе жүретіндігін, өңірлік жанжалдар да толастамай, деструктивті идеологиялар өзінің ықпалын кеңейтуді жалғастырып жатқандығын, осының барлығы жаңғырту уақытының есебі жылдап емес, минуттап жүретінін білдіретіндігіне назар аударды. Қазақстан міндетті түрде үлгеруі тиіс, деп сенім білдірді. Cонымен қатар, соңғы кезде заң шығармашылық үдерісі ашығырақ бола түскендігін де атап өтті. Парламенттік тыңдаулар өткізіліп тұратындығын, жобаларды талқылауға сарапшылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері тартылып жүргендігін айтты. «Соған қарамастан, азаматтар әркез құлағдар емес, өздерінің заңдардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін білмейді. Сондықтан түсіндіру жұмыстары ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазақстандықтар заңнамалық жаңалықтардың барысынан құлағдар болуға толықтай құқылы. Бұл туралы мен судьялар съезі мен ҚХА сессиясында айтқан болатынмын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Біздің заңдарымыз барынша бәсекеге қабілетті, прагматикалы болуы тиіс және аса жоғары стандарттарға жауап беруі керек, дегенді біз де қолдаймыз. Алдағы уақытта осы бағытта көптеген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін түсіндік. Халық өз құқын тек соттар арқылы ғана қорғауы керектігін ұғатын кез жеткені де сөз болды. Осы қарқынмен жаңғырту ісі бойынша барлығымыз күш-жігерімізді жұмылдырып, нәтижелі еңбек етуіміз қажет. Жуалы ауданы.