- Advertisement -

Әлеуметтік мәселелер назардан тыс қалмайды

86

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің төрағалығымен Әлеуметтік мәселелер жөніндегі облыстық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков баяндама жасады.
Оның айтуынша «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң аясында өңірімізде нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Облыстық бюджеттен қиын жағдайға тап болған азаматтарға 158,8 миллион теңге бөлініп, 1900 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетілген. Соңғы екі жылдың ішінде 4 әлеуметтік нысан ашылып, 100 мүгедек баланы қамтып, қызмет көрсеткен. Нәтижесінде 22 бала жалпы орта мектепке, 1 бала балабақшаға, 41 бала арнайы мектепке, 11 бала колледждерге қабылдануға мүмкіндік алған.
Былтыр 14 әлеуметтік жобаға облыстық және жергілікті бюджеттерден 138,2 миллион теңге бөлініп, 1713 азамат аталған қызмет түрлерімен қамтылған. Басқарма басшысы алдағы уақытта да мұндай мүмкіндіктердің арта түсетінін жеткізді.
Сондай-ақ Жорабек Нұрмергенұлы келесі жылы «Әлеуметтік қызметті одан ары жаңғырту» тұжырымдамасы іске асатынын айтып, оның мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар алдағы 22 қыркүйекте Астанада тұңғыш рет әлеуметтік қызметкерлердің форумы өтетінін, форум аясында үздік әлеуметтік жобалар көрмесіне Тараздағы «Нұрбала» қоғамдық бірлестігі мен «Амазонка» қоғамдық бірлестігінің мүшелері шақырылып отырғанын айтты.
Бекболат Орынбеков атқарылған жұмыстармен шектеліп қалмай, әлеуметтік саланы әлі де жандандыру қажеттігін тапсырды.
Сондай-ақ комиссия отырысында алдағы 22 қыркүйекте Астанада тұңғыш рет өтетін әлеуметтік қызметкерлердің форумына делегаттар сайланды.

Есет досалы,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support