Әлеумет

Күн ыстықта көлеңке

Күн ыстықта көлеңке

тал-дарақты күтіп ұстау қай деңгейде? Жыл сайын көктемде және күзде көгеріштендіру-көріктендіру және санитарлық тазалық айлығы жарияланып, мыңдаған жас көшеттер отырғызылады. Мәселен, «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен алған мәліметке қарағанда, биыл 2351 қылқан жапырақты және 1199 жапырақты ағаш түрлері отырғызылса, оның ішінде Тәуке хан көшесінің бойына 592 бозарша, 592 қарағай, Әуежай аймағына 8 шырша, 13 бозарша, 29 қарағай, Тәуке хан көпірі аумағына 100 қарағай, Төле би көшесінен Исатай көшесінің соңына дейін 318 бозарша, «Қазақ Елі» монументі аумағына 100 шырша, 229 қарағай, «Атшабар» скверіне 10 шырша, №13 «Бәйтерек» шағын ауданындағы облыстық және қалалық балалар ауруханасының маңына 500 түп терек, облыс әкімдігі ғимаратының маңына – 10, Көне Тараз тарихи-мәдени орталығына 242 ақ қайың, 100 испандық «дрок», 157 қылқайыр, 100 сәнді тұт, 100 «ива мацудана» көшеттері отырғызылған. Сондай-ақ 6595 талдың қураған бұтақтары кесіліпті. 147 апатты тал түбінен кесілген. 4445 тал ағашы балақталған. Абаттандыру жұмысы барысында көше бойындағы 7928 талдың түбі әктеліпті. Қазіргі таңда қала әкімдігінің тиісті сала басшылары мен мамандарынан комиссия құрылып, қала аумағындағы арықтар мен каналдарға, су арналарына түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Түгендеу жұмыстары аяқталған соң, бюджеттен қаржы қарастырылып, алдағы жылдары жоспарға сәйкес істен шыққан, арналары бітелген арық-атыздарды қалпына келтіру жұмыстары басталады. Тал-дарақтың көктеп өсуіне қарағаш жапырақ жемірі зиянкесі де ерекше зиянын тигізді. Қаладағы тал-дарақ өсетін 80-90 гектар аумақ жапырақ жемірінен зардап шеккен. «Жамбыл» қонақ үйі, «Һибатулла Тарази» мешіті, «Бокс» сарайы, «Жеңіс», Б.Момышұлы және Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтардағы, Д.Қонаев көшесінің бойындағы, сонымен қатар шағын аудандардағы тал-дарақтың жапырағы осы зиянкестің «құрбанына» айналды. Алайда, қала билігі қол қусырып қарап отырды деуге болмас. Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі және «Республикалық фитосанитарлық диагностика және әдістемелік болжамдар орталығы» облыстық филиалының мамандары биылғы 11 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін қаладағы тал-дарақтарға тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанынан қалалық әкімдіктің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Тілеубаев хабардар етті. Қала аумағы бойынша 40 гектар жерді құрайтын 52 көше мен саябақ және скверлерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмысқа қала бюджетінен 4,5 миллион теңге қарастырылыпты.

Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

Тараз қаласы.