- Advertisement -

Заманауи қасапхана ашылды

94

- Advertisement -

енді Етті өңдеу көлемі артады

Конституция күні қар-саңында аудан орталығында «Первомайские делика-тесы» сауда маркалы шұжық өнімдерін өндіру цехының және жаңа үлгідегі заманауи қасапхананың ашылу салтанаты болды. Оған облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке бастаған аудан басшылары, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларының мамандары қатысты.
Бұл екі нысанды да «Первомайские деликатесы» ЖШС мемлекет қолдауымен іске қосып отыр. Шұжық өнімдерін өндіру бойынша цехты қайта жабдықтау жобасы өңірдегі 2017 жылға белгіленген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобалар қатарына енгізілген. Жалпы құны 223 миллион теңгені құрайтын жоба «Өндірісті дамыту» бағдарламасы аясында «Даму» қорынан «Цеснабанк» арқылы қаржыландырылды. Соның нәтижесінде қайта жарақтандырылған кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы екі есеге артып, жылына 3000 тонна етті өңдеу әлеуетіне қол жеткізіп отыр. Мұнда алдағы уақытта шұжық өнімдерінің жүзден астам түрі, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер де өндірілетін болады.
Ал серіктестіктің жаңадан салынған мал соятын цехы ет өнімдерін жалпы әлемдік стандарттарға сәйкес үлгіде дайындауға бағытталған. Жобаның құны 858 миллион теңге. Өндірістің Алматы автодаңғылы бойынан жаңа ғимараты тұрғызылып, шетелдік мал сою жабдықтары орнатылып қойылған. Өндірістік қуаты жылына 6380 тонна ет өңдеуге есептелінген қасапханада 50 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр. Қазіргі уақытта ет өнімдерін қайта өңдеушілер нарығында экологиялық тұрғыда сапалы өнімге деген сұраныс артып отырғандықтан да, жаңа үлгідегі қасапхананың маңызы арта түседі. Бұл ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыра отырып, болашақта ет өнімдерін Ресей, Қытай және Араб елдері тәрізді етті ұдайы және көп мөлшерде тұтынатын елдерге экспортқа шығаруға да мүмкіндік береді.
Өндірістік цехтардың ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке барша қордайлықтарды Конституция күнімен құттықтап, кәсіпкерлік саласында өңір бойынша атқарылып жатқан бірегей жобалар туралы да хабардар етті. «Первомайские деликатесы» ЖШС басшысы Бектұрсын Жансеріков пен бас технолог Абина Можаева жиналғандарды қайта жаңғыртылған шұжық цехының жұмыс барысымен таныстырды.

Құрманбек әлімжан,
«Ақ жол».

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support