- Advertisement -

Татулық пен тұрақтылықтың мерекесі

82

- Advertisement -

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың
Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді мұсылмандар үшін ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам – ислам өркениетінде татулық пен тұрақтылықтың мерекесі, ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі.
Құрбан айт – жақындасу мен рухани түлеудің, достық пен бауырластықтың алтын діңгегі.
Ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтудың маңызды тіректерінің бірі ретінде айрықша рөл атқарады.
Мереке күндері адам баласы біріне-бірі қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұсылмандар тұрмысы нашар адамдарға көмек қолын созады.
Құрбандық шалу арқылы адамның ішкі ниеті, пейілі сыналады, жомарттығы танылады.
Бұл мереке бізге жомарттық пен мейірімді, өзара жанашырлықты үйретеді.
Қасиетті Отанымыздың басты байлығы – ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім.
Халқын әрдайым бірлікке бастаған Елбасы саясатының арқасында, аз ғана тарихи кезеңде, қарыштап дамыған, әлем таныған, өркениетті елге айналдық.
Қазіргі кезде еліміздегі түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады.
Көпұлтты біздің облысымыз да Құрбан айтты ынтымақ-ықыласпен қарсы алып отыр.
Облыстағы дін өкілдерінің ел татулығы мен конфессияаралық келісімге қосып отырған үлесі зор.
Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында біз ұлттық салтымызға астамдықпен қарамай, керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерімізді табысты жаңғырту, ұлттық болмысымыздың өзегін сақтауымыз қажет.
Қадірлі ағайын!
Елімізде тұрақтылық, береке-бірлік нығая берсін.
Әр шаңыраққа береке-бақыт, бейбіт өмір мен амандық тілеймін.
Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандарыңыз қабыл болсын!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support