Геннадий Головкин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

99

Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Vesti.kz. «Барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймын! Әр үйде береке болсын, еліміз өркендей берсін! Конституция күні құтты болсын!», — деп жазды боксшы инстаграм желісіндегі парақшасына.  Еске салайық, 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.