- Advertisement -

Макгрегор мазақ болды

85

- Advertisement -

Кәсіпқой боксты аяқтағанына 2 жыл болған кәсіпқой бокс әлемінің жарқын жұлдызы Флойд Мейвезер шаршы алаңға аралас жекпе-жек түрлерінен (UFC) екі салмақта әлем чемпионы, әйгілі Конор Макгрегормен соңғы жекпе-жегін өткізу үшін оралғаны баршамызға мәлім.
АҚШ-тың Лас-Вегас штатында бокс ережесі бойынша өткен айтулы жекпе-жекті белгілі боксшылар «сайқымазақтар шоуы» деп атаса да, жанкүйерлер көптеп жиналды. Телеарналардан ақылы негізде (ppv) өткен атышулы шайқасты сатып алушылар қарасы өте көп болған сыңайлы.
Коммерциялық тұрғыдан телеарналарға да, қос спортшыға да қомақты пайда әкелген жекпе-жекте кіші Флойд Мейвезер қарсыласынан айласын асырды. Конор Макгрегор алғашқы төрт раундта қарсыласына кәдімгідей қарсылық көрсетіп бақты. Тіпті бірнеше соққысын дөп тигізді.
Қысқасы, Флойд Мейвезер төрт раундтан соң іске кірісті. Әуелде UFC әлемінің жұлдызын деміктіріп алған Мейвезер әдеттегідей әдемі қимылдары арқылы сауатты қорғана жүріп, жойқын соққыларын қарсыласына дәл тигізе бастады. Қолын ебедейсіз сермеп жүрген Макгрегор ауыр соққылардан беті қайтып қалды ма, әйтеуір, шегіншектей бастады. Тиісінше бастаған ісін лайықты түрде аяғына дейін жеткізуді жөн санаған Флойд раунд өткен сайын қарқынын үдетіп, Конорды қыспаққа алды. Кездесудің оныншы раундында бірнеше ауыр соққы жіберіп алған Макгрегор шайқалақтай бастағаны сол екен, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Флойд елуінші шайқасын да жеңіспен аяқтап, рекорд орнатты.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support