- Advertisement -

Жаңа есімге кімді ұсынасыз?

92

- Advertisement -

Жамбыл облысындағы мемлекеттік
мекемелер, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың назарына!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, денсаулық сақтау, спорт салаларының ілгерілеуіне айрықша үлес қосқан жандардың нақты тарихы арқылы табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білім алуға құштарлық идеясын насихаттау. Қазақстан ерекше дарынымен, талантымен, әскери және құқық қорғау саласындағы ерлігімен көзге түскен және қайырымдылық қызмет жасаған, меценаттық көмек көрсеткен, өз әрекеттерімен жастарды патриотизм мен туған жерге деген адалдыққа тәрбиелеуге үлгі бола білетін, осы арқылы тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына белсенді атсалысып жүрген жандарды тануы қажет.
Қазіргі таңда республика бойынша үміткерлер жинақталуда.
Жобаға іріктеу жұмыстарын облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жүргізеді. Байланыс телефоны
8 (7262) 45-55-73. Сондай-ақ жобаға сәйкес берілетін ұсыныстар baq-2016@mail.ru электрондық поштасына жолдануы тиіс.
Сонымен қатар ұсыныстарды жинақтау el.kz сайтында арнайы «100esim.el.kz» парақшасы арқылы да жүргізілуде. Сайтқа тиісті ақпаратты жүктеп, жобаға қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Әрбір қазақстандық өзінің тарихи жетістігімен бөлісіп немесе өздігінен үшінші тұлға тарапынан жобаға ұсыныла алады. Беймәлім батырды еліміз тануы тиіс!

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support